AMANAT: Жамбыл ауданында қоғамдық қабылдаудан кейін 16 көшеге асфальт төселді

image.png

image.png

Алматы облысы Жамбыл ауданына қарасты Мыңбаев ауылында тұрғындар көтерген жол мәселесі өз шешімін тапты.

 «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдауында айтылған өтініштен кейін ауылдағы 16 көшеге асфальт төселіп, жалпы 

ұзындығы 8,5 шақырым жол жаңғыртылды.


Ауыл тұрғындары қоғамдық қабылдауда елді мекен ішіндегі жолдардың ұзақ уақыт бойы жөнделмей келгенін жеткізген. 

Олардың айтуынша, жауын-шашын кезінде көшелер батпаққа айналып, көлік қозғалысы қиындаған. Бұл жағдай жаяу 

жүргіншілерге де, арнайы қызмет көліктерінің қатынауына да қолайсыздық туғызған.


«Біз бұл мәселені көптен бері көтеріп келдік. Жаңбыр жауса, көшемен жүру мұң болатын. Балалар мектепке әрең қатынап,

 көліктер батпаққа батып қалатын кездер жиі болды. Қазір ауыл ішіндегі жолдарға асфальт төселіп, халықтың жүріп-тұруына

 қолайлы жағдай жасалды. Өтінішімізге құлақ асып, мәселенің шешілуіне ықпал еткен азаматтарға алғысымызды білдіреміз»,

 – деді ауыл тұрғыны Сағымбек Самаев.


Тұрғындарды «AMANAT» партиясының фракция мүшесі, Алматы облыстық мәслихат депутаты Виталий Гринченко 

қабылдап, мәселе бақылауға алынған. Кейін жергілікті атқарушы органдармен бірлескен жұмыс нәтижесінде Мыңбаев 

ауылындағы 16 көшеге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді.


Нәтижесінде ауылішілік жол қатынасы жақсарып, тұрғындардың күнделікті қозғалысына қолайлы жағдай жасалды. 

Жаңартылған жолдардың жалпы ұзындығы 8,5 шақырымды құрайды.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ДДСҰ басшысы Тоқаевтың медицина қызметкерлерін қолдау саясатына ризашылығын білдірді
  • Глава ВОЗ высоко оценил вклад Токаева в реализацию концепции «Здоровье для всех»
  • По итогам уборочной кампании 2026 года Казахстан собрал 24,3 млн тонн зерна
  • Қазақстан 2026 жылы 24,3 млн тонна астық жинады.
  • Басты құндылығы-адам және оның қадір-қасиеті