ЖАЙДАРМАН ЖАҢАЛЫҚ

7.JPG

«Ұлттық кітап күні» мерекесіне орай осы салада еселі еңбек етіп жүрген бірқатар қызметкерлер марапаталып, лайықты қошемет - құрметке бөленді. 

Облыс орталығы Қонаев қаласында өткен мерекелік кеште Балатопар ауылдық кітапханасының кітапханашысы Сәуле Шолахова Қазақстан кітапханалық одақтың «Қазақстанның Құрметті кітапханашысы» төсбелгісімен марапаталып, шексіз қуанышқа бөледі. Ұзақ жылдар бойы кітапханашы болып, еселі еңбек еткен жерлесіміз бұл құрметке лайықты.

Сәуле Шолахованың қуанышына ортақтасып, кітапхана жұмысы жайында сұрағанымызда, ол сөз сөзінде: «Мен үшін кітапхана – күн сайын өмірі қайнап жатқан ерекше орта. Мұнда әр оқырманның өз тарихы, өз ізденісі бар. Бірі емтиханға дайындалып келсе, енді бірі осы жерден жан тыныштығын іздейді. Ал кейбір жастар жаңа кітаптардан шабыт алып, өз арманын ұштай түседі»- деп өз мамандығының нағыз хас шебері екенін көрсетті.

Шын мәнінде кітап – адам жанының азығы, рухани байлықтың қайнар көзі. Ол – ұлттың тарихын, мәдениетін, рухын, тағылымын сақтайтын киелі қазына.

                        

 Өз тілшімізден


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
  • Предвыборная кампания заговорила языком профессий: что партии предлагают тем, кто учит,.
  • Құрылтай сайлауы - ел өміріндегі маңызды күн
  • Алматы облысында құрылыс индустриясындағы еңбек мәселелері талқыланды
  • Мемлекеттік қызметте өсу және меритократия қағидаты