Ауқымды жұмыстар атқарылды

IMG_6138.jpeg

   IMG_6140.jpeg  

IMG_6139.jpeg

492231ff-14e8-4080-ab8d-1624b6993f92.jpeg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында еліміздің барлық өңірінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы өз жалғасын тауып, экологиялық  жағдайды жақсартуға және аймақты көгалдандыруға бағытталған ауқымды жұмыстар жүзеге асырылып жатыр.

     Республика бойынша жүзеге асырылып жатқан ауқымды іс-шара бүгін Балқаш ауданының барлық ауылдық округтерінде ұйымдастырылып, ауыл көшелері, ауылдың сыртқы келбеті, өзен - көлдердің жағалаулары күл-қоқыстан тазартылды.Көше тұрғындары арасында өздері тұрып жатқан көшелері бойынша “Тазалық эстафетасы “ мен челендждер бастау алып,бұл бастамалар өз нәтижесін көрсетті. Сондай-ақ ағаш көшеттері отырғызылды.

    Атап айтар болсақ,Бірлік ауылындағы жақында пайдалануға берілетін паркке ағаштың көптеген түрлері мен гүлдер отырғызылып,бұл іске ауыл тұрғындары лайықты үлестерін қосты.

    Жалпылай айтсақ,” Таза Қазақстан” акциясы ауданда осылайша өз мәнінде өрнек тапты.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ДДСҰ басшысы Тоқаевтың медицина қызметкерлерін қолдау саясатына ризашылығын білдірді
  • Глава ВОЗ высоко оценил вклад Токаева в реализацию концепции «Здоровье для всех»
  • По итогам уборочной кампании 2026 года Казахстан собрал 24,3 млн тонн зерна
  • Қазақстан 2026 жылы 24,3 млн тонна астық жинады.
  • Басты құндылығы-адам және оның қадір-қасиеті