"Ер есімі - ел есінде!"

image.png

7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай Қарой ауылдық кітапханасында «Ер есімі – ел есінде» атты ақпарат сағаты өткізілді. Мақсаты: жас ұрпаққа елін, жерін қорғаған батырлардың ерлігін насихаттау, отансүйгіштікке тәрбиелеу және тарихи тұлғаларды құрметтеуге баулу.

Шара барысында оқырмандарға қазақ халқының батырлары мен ел қорғаған ер азаматтары туралы мәліметтер беріліп, олардың ерлік істері таныстырылды.Патриоттық тақырыптағы әдебиеттер ұсынылды. Сонымен қатар,  жас оқырмандар өз ойларын ортаға салып, Отан алдындағы борыш, елге қызмет ету жайында пікір алмасты. Кітапханашы жас оқырмандарға Отанды сүю, елді құрметтеу – әр азаматтың қасиетті парызы екенін түсіндіріп, Отан туралы мақал-мәтелдер жасырып, оларды табу арқылы оқырмандардың қызығушылығын арттырды.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ДДСҰ басшысы Тоқаевтың медицина қызметкерлерін қолдау саясатына ризашылығын білдірді
  • Глава ВОЗ высоко оценил вклад Токаева в реализацию концепции «Здоровье для всех»
  • По итогам уборочной кампании 2026 года Казахстан собрал 24,3 млн тонн зерна
  • Қазақстан 2026 жылы 24,3 млн тонна астық жинады.
  • Басты құндылығы-адам және оның қадір-қасиеті