Қазақстан Қорғаныс министрлігі Халықаралық дзюдо федерациясымен меморандумға қол қойды

2.JPG

Астанада Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосановтың Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визермен кездесуі өтті.

Тараптар келіссөздер кезінде Қазақстан Қарулы күштері жүйесінде дзюдоны дамытуға бағытталған ынтымақтастық туралы Меморандумға қойды.

Құжат Қорғаныс министрлігінің жоғары әскери оқу орындары мен колледждеріндегі оқыту бағдарламаларына Халықаралық дзюдо жүйесін кезең-кезеңмен енгізуді көздейді. Дзюдо элементтері де Қарулы күштер әскери қызметшілерінің дене шынықтыру сабақтарына біріктірілмек.

Материалдық-техникалық базаны нығайтуға ерекше назар аударылатын болады. Халықаралық дзюдо федерациясы мен "Жеңіс" клубының қолдауымен әскери білім беру ұйымдарын татами, спорттық жабдықтармен және кимономен қамтамасыз ету көзделген.

Сонымен қатар, курсанттар арасында дзюдо лигаларын құру жоспарланып отыр. Мұндай бірлестіктер техникалық шеберлікті арттыруға, бәсекелестікті дамытуға және осы спорт түрін танымал етуге ықпал етеді. Тараптар мұндай өзара іс-қимыл дзюдоны дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынын және спортшылардың жаңа биіктерге жетуге деген ынтасын арттыратынын атап өтті.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • *Тазалық пен тәртіп: Қарқара жайлауында «Таза Қазақстан» акциясы ұйымдастырылды*
  • Алматы облысында өткен «Қымызмұрындық – 2026» фестиваліне 35 мыңға жуық қонақ келді
  • Конституционный референдум в Казахстане: новый этап реформ
  • Совет Европы выразил поддержку политическим реформам в Казахстане
  • *В Астане от имени Главы государства были вручены ключи от квартир работникам СМИ*