Мемлекет басшысы: «Әл-Фараби, Ясауи және басқа да әйгілі ойшылдар ілімінің Алтын Орда тұсында одан ә

image.png

«Мәселен, түркі тілі, исламның кітаби дәстүрлері мен даланың санғасырлық даналығы дәл осы кезеңде бір-бірімен біте қайнасып, идеологиялық тұрғыдан ауқымы кеңейді.

 

Бұл Алтын Орда кезеңінің әдебиетінде көрініс тауып, түркі халықтарының сөз өнері қанат жайған кезең ретінде бағаланды.

 

Халқымыз үшін Алтын Орда дәуірінен бүгінге дейін жеткен «Ақсақ құлан» күйінің символдық мәні зор. Биыл күйдің шыққанына 800 жыл толады. Бұл аңыз – домбыраның шанағынан шыққан Ұлы Даланың үні, ұлтымыздың рухани байлығы.

 

Кетбұға, Асан Қайғы, Шалкиіз және Доспамбет секілді жыраулардың мұрасы біздің аймаққа тән дәстүрлі өнер жанрында бүгінге дейін жеткені кездейсоқ емес.

 

Сол кезеңдегі жырларда (Ер Едіге, Алпамыс, Қобыланды, Ер Тарғын) батырлардың ерлік жолы мен тарихи оқиғалар тізбегі жиі баяндалады. Бұл – қазақ, татар, башқұрт, ноғай, қарақалпақ және басқа да халықтардың ортақ қазынасы».

 

t.me/aqorda_resmi


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ДДСҰ басшысы Тоқаевтың медицина қызметкерлерін қолдау саясатына ризашылығын білдірді
  • Глава ВОЗ высоко оценил вклад Токаева в реализацию концепции «Здоровье для всех»
  • По итогам уборочной кампании 2026 года Казахстан собрал 24,3 млн тонн зерна
  • Қазақстан 2026 жылы 24,3 млн тонна астық жинады.
  • Басты құндылығы-адам және оның қадір-қасиеті