“Таза Қазақстан”

83e89699-81e9-42e7-b5ee-52105393c541.jpeg

«Таза Қазақстан» акциясы аясында тазалық жұмыстары жүргізілді

2026 жылдың 28 мамыр күні «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Ұлы Отан соғысының ардагері Көпжасарұлы Сәтімқұл атындағы көшеде кең көлемді тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Аталған шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, ауыл тұрғындарын тазалыққа, ұқыптылыққа баулу және туған жерге деген жанашырлықты арттыру. Тазалық жұмыстары барысында көше бойы қоқыстан тазартылып, айнала абаттандырылып, санитарлық жұмыстар жүргізілді.

Игі іске ауыл тұрғындары мен белсенді азаматтар атсалысып, ортақ іске ұйымшылдықпен қатысты. Осындай шаралар ауыл тазалығын сақтауға ғана емес, тұрғындардың бірлігін нығайтуға да үлкен үлес қосады. Туған жердің тазалығы – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Сондықтан табиғатты аялау, қоршаған ортаны таза ұстау – баршамыздың азаматтық парызымыз. 

«Таза Қазақстан» акциясы алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ДДСҰ басшысы Тоқаевтың медицина қызметкерлерін қолдау саясатына ризашылығын білдірді
  • Глава ВОЗ высоко оценил вклад Токаева в реализацию концепции «Здоровье для всех»
  • По итогам уборочной кампании 2026 года Казахстан собрал 24,3 млн тонн зерна
  • Қазақстан 2026 жылы 24,3 млн тонна астық жинады.
  • Басты құндылығы-адам және оның қадір-қасиеті