Үлкен өмірге қадам қақты

b880df19-0a28-4bcd-a9ef-d3dde91e073b.jpeg

Сұхбат

Үлкен өмірге қанат қақты

   Он бір жыл бойы алтын ұя мектеп қабырғасында білім нәрімен сусындап, тарыдай болып табалдырығын аттаған сәттен, бүгін, міне таудай болып Балқаш ауданы түлектері үлкен өмірге қанат қақты.Осыған орай Балқаш өңірінде оқу жылының аяқталуын білдіретін дәстүрлі соңғы қоңырау салтанатты жиындары өтті.

      Осыған орай Балқаш аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлнара Мукумоваға жолығып,сұхбат құрған едік. Аудандағы бас педагог өз сөзін былайша сабақтады:

-“Ұстаздардың шәкірт тәрбиелеудегі еңбегі әрдайым құрметке лайық. Жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беріп жүрген ұстаздар қауымына шынайы алғысымды білдіремін. Сонымен катар, бала тәрбиесіне жауапкер шілікпен қарап, олардың білім жолындағы жеңістеріне колдау көрсетіп жүрген ата-аналарға ерекше ризашылығымды жеткіземін. Ұрпақ тәрбиесі ортақ мүдде. Ал осы жолдағы бірлескен еңбек өскелең ұрпақтың жарқын болашағына негіз болады.Ал түлектерге айтарым, алдағы ұлттық бірыңғай тестілеуде жоғары нәтиже көрсетіп, таңдаған мамандықтарының иесі атануына тілектеспін.Соғылған соңғы қоңырау сыңғыры ол тек алтын ұя мектеппен қоштасу емес, болашаққа бастайтын алғашқы қадам. Білім мен тәрбиені жанына серік еткен биылғы түлектердің болашақта ел дамуына үлес қосатын азаматтар болары сөзсіз. Алдағы ұлттық бірыңғай тестілеуде бітіруші түлектердің он бір жылғы білімі сараланып, таңдаған маман иесі болуына шынайы тілекшіміз. Сәт-сапар, саған жас түлек!”


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Үлкен өмірге қадам қақты
  • *Алматы облысында «Достық үйінің» іргетасы қаланды*
  • *В Алматинской области заложили фундамент «Дома дружбы»*
  • Екінші мүмкіндік, бірақ жазасыздық емес – ІІМ амнистия-2026 туралы
  • *Поиск новых точек роста и укрепление внешнеэкономического потенциала ЕАЭС*