Алматы облысында есірткіге қарсы іс-шаралар нәтижесін беруде

image.png

Алматы облысында нашақорлыққа қарсы айлық басталды. Бұл- есірткі қылмысымен күрес бойынша

 мемлекеттік саясат аясында өткізілетін маңызды шара.  Бүгінде профилактикалық шара іске асып, облыс 

көлемінде 93 есірткіге қатысты құқық бұзушылық анықталған, оның 42-і қылмыс болса, 51-і қылмыстық теріс 

қылық деп тіркелген.  Бұл жайында облыстық Полиция Департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл 

басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Төлеу Мархамедов бапасөз мәслихатында айтты. 

Анықталған деректердің ішінде есірткі құралдарын өткізу бойынша 26 факт, құрамында есірткі бар 

өсімдіктерді өсірудің 4 фактісі, аса ірі мөлшерде есірткі сақтау бойынша 4 факт тіркелді. Бұдан бөлек, 

трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған басшылық ету бойынша 1 дерек тіркелді.

«Сотқа 73 қылмыстық іс жолданды. Оның ішінде 32-сі ауыр және 3-уі аса ауыр қылмыс санатына жатады. 

Заңсыз айналымнан жалпы салмағы 123 келі 123 грамм есірткі заттары тәркіленді. Оның ішінде 40 келі 238 

грамм синтетикалық есірткі, 73 келі 859 грамм марихуана, 314 грамм гашиш және 8 келі 713 грамм каннабис

 бар»,- деді полиция полковнигі Төлеу Мархамедов.

Есірткі қылмысына қарсы күрес барысында 6 есірткі зертханасы анықталды. Оның үшеуі синтетикалық 

есірткі өндірумен айналысқан болса, тағы үшеуі құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіруге арналған. 

Аталған зертханалар Қарасай, Іле, Еңбекшіқазақ аудандары мен Алатау қаласының аумағында анықталды.

Спикердің сөзіне сүйенсек, интернет кеңістігін зерделеу  нәтижесінде есірткі құралдарын сатуды және 

пайдалануды насихаттайтын 557 сайт анықталып, бұғатталған. Сонымен қатар «Антифрод-орталыққа» 

бұғаттау үшін 408 жергілікті банк картасы енгізілді. Тексеру барысында 15 442 шетелдік карта мен 535 

криптовалюталық әмиян анықталған екен.


Есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу мақсатында кең көлемді профилактикалық жұмыстар жүргізілді. 

Жалпы саны 542 іс-шара ұйымдастырылып, оның ішінде 85 акция, 345 дәріс, 12 спорттық іс-шара, 27 кездесу 

және 69 рейд өткізілді. Есірткі дүкендерін жарнамалайтын граффитилерді жою бойынша 83 акция өткізіліп, 

205 заңсыз жазу өшірілді.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «AMANAT»: В АЛМАТИНСКОЙ ОБЛАСТИ ДЛЯ СТУДЕНТОВ ПОСТРОЕНО НОВОЕ ОБЩЕЖИТИЕ НА 200 МЕСТ
  • AMANAT: Есіктегі жаңа жатақхана студенттердің алаңсыз білім алуына жағдай жасап отыр
  • Алматы облысында есірткіге қарсы іс-шаралар нәтижесін беруде
  • Алматы облысында есірткіге қарсы іс-шаралар нәтижесін беруде
  • «Наши священные символы – это яркое воплощение ценностей нашего народа»