Конституция – мемлекеттің негізгі заңы, елдің саяси, құқықтық және әлеуметтік дамуының басты бағдары. Ол азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғап, мемлекеттік биліктің қызметін реттейді. Сондықтан Конституцияны жетілдіру және оның қағидаларын қоғамда кеңінен насихаттау мемлекет дамуының маңызды бағыты болып табылады.
Жаңа Конституция қоғамдағы өзгерістер мен заманауи талаптарға сай құқықтық жүйені жетілдіруге бағытталған. Оның басты мақсаты – азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру және заң үстемдігін қамтамасыз ету. Конституциялық реформалар халықтың мемлекет ісіне қатысу мүмкіндігін кеңейтіп, демократиялық құндылықтарды нығайтуға ықпал етеді.
Конституцияны насихаттау жастар тәрбиесінде де ерекше орын алады. Жас ұрпақ заңға құрметпен қарап, азаматтық жауапкершілікті сезінген жағдайда ғана құқықтық мемлекет қалыптасады. Осы мақсатта түрлі кездесулер, дөңгелек үстелдер, пікірсайыстар мен ақпараттық іс-шаралар ұйымдастырылып келеді.
Жаңа Конституцияның табысты жүзеге асуы мемлекет пен қоғамның өзара сеніміне байланысты. Әрбір азамат заң талаптарын сақтап, ел дамуына өз үлесін қосқанда ғана конституциялық реформалардың нәтижесі айқын көрінеді. Заң үстемдігі, әділдік және жауапкершілік қағидалары қоғамның тұрақты дамуының кепілі болып табылады.
Жаңа Конституцияны ілгерілету – құқықтық мәдениетті қалыптастырудың, азаматтардың құқықтарын қорғаудың және әділетті Қазақстан құрудың маңызды шарты. Конституция қағидаларын құрметтеу мен сақтау – әрбір азаматтың парызы және ел болашағына қосқан үлесі.
Өз тілшімізден.


