

2026 жылғы 11 маусым күні «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Желтораңғы ауылында Қасымбек және Балтағұл көшелерінде санитарлық-тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – елді мекен аумағының тазалығын сақтау, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоғамдық орындарды көркейту болып табылады.
Тазалық жұмыстары барысында көшелердің бойы қоқыстардан тазартылып, аулалар мен жол жиегі ретке келтірілді. Іс-шараға ауыл тұрғындары мен мекеме қызметкерлері белсене қатысып, ортақ іске өз үлестерін қосты.
Аталған акция ауылдың санитарлық жағдайын жақсартуға және қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін арттыруға бағытталды.
Ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға белсенділігі мен жауапкершілігі үшін алғыс білдіреді.


