
Аудан аумағындағы автожолдарда мотокөліктердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, сондай-ақ шетелдік өндірістегі мотоцикл, квадроцикл, трицикл, мопед және ауыр жүк көліктері жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін сақтауын бақылау мақсатында Іле аудандық полиция басқармасының қызметкерлері рейдтік іс-шаралар өткізді.
Рейд барысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жүргізушілер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, кешкі және түнгі уақытта тұрғындардың тыныштығын бұзу фактілеріне жол бермеу мақсатында елді мекендерде рұқсат етілген шу деңгейінен асатын мотоциклдер мен арнайы техникаларды пайдалану жағдайлары бақылауға алынды.
Іс-шара аясында жол қозғалысы ережелерін бұзған жүргізушілерге қатысты заңнама талаптарына сәйкес тиісті шаралар қабылданып, профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мұндай рейдтік іс-шаралар аудан аумағында қоғамдық тәртіпті сақтау, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады.


