ҚАЙЫРЖАН ЖАҚСЫМБЕТОВ ОБЛЫСТЫҚ СПАРТАКИАДА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ ҚҰТТЫҚТАДЫ

2.png

Іле ауданының әкімі Қайыржан Жақсымбетов облыстық спартакиадада «Заң мен тәртіп» қағидатын сақтап отырып,

 жоғары нәтиже көрсеткен мемлекеттік қызметшілерді құттықтап, олардың аудан абыройын асқақтатқанын атап өтті.


«Спорттағы әрбір жетістік – тәртіптің, табандылықтың және командалық рухтың жемісі. Сіздер облыстық деңгейде

 Іле ауданының мәртебесін көтеріп, мемлекеттік қызметшілердің тек кәсіби салада ғана емес, спортта да жоғары

 нәтиже көрсете алатынын дәлелдедіңіздер. Баршаңызға алғысымды білдіремін және жаңа жеңістер тілеймін», –

 деді аудан әкімі.


Облыстық спартакиада қорытындысы бойынша Іле ауданының командасы жалпыкомандалық есепте ІІІ орынды 

иеленді.

Жарыс барысында аудан намысын қорғаған спортшыларымыз келесі нәтижелерге қол жеткізді:


Жүзу спортында Іле ауданының командасы ерекше көзге түсіп, командалық есепте І орын алды. Атап айтқанда, 

А.Тоқпанов ауылдық округінің қызметкері Жансая Байжуманова қыздар арасында чемпион атанса, Алдияр 

Нұрсұлтан мен Темірлан Тілеуғазиннен құралған команда үздік нәтиже көрсетті.


Сонымен қатар баскетболдан қыздар құрамасы, тоғызқұмалақтан ерлер және командалық есеп бойынша жүлделі

 ІІ орынға ие болды. Қазақша күрес, киберспорт және жүзуден де аудан спортшылары жүлдегерлер қатарынан көрінді.


Спартакиада қорытындысында Іле ауданы әкімінің орынбасары Асқар Садықовқа «Үздік команда өкілі» номинациясы

 табысталды.


Аудан намысын абыроймен қорғаған барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз. Жеңістеріңіз көп болып, алар

 асуларыңыз биік болсын!


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ҚАЙЫРЖАН ЖАҚСЫМБЕТОВ ОБЛЫСТЫҚ СПАРТАКИАДА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ ҚҰТТЫҚТАДЫ
  • Храбрая дочь казахского народа: 101 год со дня рождения Алии Молдагуловой
  • Қазақтың қайсар қызы Әлия Молдағұлованың туғанына 101 жыл
  • Партия «Әділет» выражает искреннюю благодарность руководству и членам партии AMANAT за принятое реше
  • «Әділет» партиясы AMANAT партиясының басшылығы мен мүшелеріне біздің партия құрамына қосылу туралы қ