«ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА ТҮНГІ РЕЙД ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

image.png

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және 

ата-аналардың жауапкершілігін арттыру мақсатында «Заң және тәртіп» қағидаты аясында Ә.Молдабеков атындағы

 №6 орта мектеп директорының бастамасымен түнгі рейдтік іс-шара өткізілді.


Рейд барысында мектеп әкімшілігі балалар көп шоғырланатын орындарды аралап, қоғамдық тәртіптің сақталуына 

бақылау жүргізді. Сондай-ақ кафе, мейрамхана және ойын-сауық орындары тексеріліп, онда мектеп оқушыларының 

болмағаны анықталды.


Іс-шара аясында оқушылар мен олардың ата-аналарына профилактикалық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 

Ата-аналарға балаларды түнгі уақытта қараусыз қалдырмау, олардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау және 

жазғы демалыс кезеңінде бос уақытын тиімді ұйымдастырудың маңыздылығы түсіндірілді.


Оқушыларға қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау мәдениеті, кешкі уақытта ата-анасының рұқсатынсыз көшеде жүрмеу,

 сондай-ақ судағы, жолдағы және интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігі жөнінде жан-жақты 

ақпарат берілді.


Осындай профилактикалық рейдтердің негізгі мақсаты – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету,

 құқықбұзушылықтың алдын алу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және мектеп пен ата-ана арасындағы

 ынтымақтастықты нығайту. Мұндай жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатын болады.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Құрылтай сайлауының - маңызы зор
  • Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
  • Предвыборная кампания заговорила языком профессий: что партии предлагают тем, кто учит,.
  • Құрылтай сайлауы - ел өміріндегі маңызды күн
  • Алматы облысында құрылыс индустриясындағы еңбек мәселелері талқыланды