
Отбасы шағын мемлекет болса, әкелер сол мемлекетттің іргетасын қалаушы. Әкелер балаларына физикалық және рухани тұрғыдан мықты болып өсуіне көп мән береді. Кез-келген әке отбасының рухани, материалдық жағынан құлдырамай, мықты болуын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ ұқыптылық, адалдық, мейірімділік, өзгелерге жақсылық жасау секілді адами қасиеттердің барлығы балаға әкеден беріледі.
Дана халқымызда «Әке – ұлы күш пен сабырлықтың иесі»-деген тәмсіл бар. Отбасылық құндылықтардың барлығы қазқалпында сақталу үшін әкелер бала тәрбиесіне немқұрайлы қарамау керек. Әке мен бала арасындағы қарым-қатынас өзара сақталып, отбасында үнемі мейірімділік салтанат құрғаны абзал.
Ата-бабаларымыз «Әке – асқар тау, ана – баурайындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ» деген бір ауыз сөзарқылы әкелердің мәрбебесін биіктетіп, отбасының тағыз тірегі екені қамтып өткен. Баллардың жақсы болып ержетуіне әке тәрбиесі көп қызмет атқарады.
Отбасындағы қарым-қатынас, тәрбие дұрыс болған жағдайда кез келген бала өз әкесін идеал тұтып өседі, оны әлемдегі ең дара, ең дана адам санайды. «Әкеге қарап, ұл өсер» деген қататты сөз осыдан қалса керек-ті.
Ал қазіргі таңда технология қарқынды дамып, цифрлық дәуір адам өмірінің барлық саласына еніп отыр. Интернет, әлеуметтік желілер, смартфондар мен түрлі гаджеттер күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Мұндай өзгерістер отбасы тәрбиесіне де үлкен ықпал етуде. Әсіресе, әкенің бала тәрбиесіндегі рөлі жаңа талаптар мен міндеттерді қажет етеді. Цифрлық дәуірдегі әке тәрбиесі – баланың қауіпсіздігі мен дұрыс дамуын қамтамасыз ететін маңызды факторлардың бірі болып тұрған жайы бар.
Әке – отбасының тірегі, баланың өмірдегі алғашқы бағыт-бағдар берушісі. Бала әкесінің іс-әрекетіне қарап өседі, оның мінез-құлқын үлгі етеді. Сондықтан цифрлық қоғам жағдайында әке тек материалдық қамтамасыз етуші ғана емес, сонымен қатар баланың ақпараттық кеңістіктегі сенімді жол көрсетушісі болуы тиіс.
Бүгінде балалардың көпшілігі бос уақытын интернетте өткізеді. Олар әлеуметтік желілерді пайдаланады, бейнероликтер көреді, онлайн ойындар ойнайды және түрлі ақпарат көздеріне қол жеткізеді. Мұның пайдалы жақтарымен қатар қауіптері де бар. Интернет-алаяқтық, кибербуллинг, жалған ақпарат, зиянды контент пен интернетке тәуелділік сияқты мәселелер балалар үшін үлкен қауіп төндіруі мүмкін. Осындай жағдайда әкенің бақылауы мен бағыт-бағдары ерекше маңызды.
Әкелердің тағы бір маңызды міндеті – балаға уақытты тиімді пайдалануды үйрету. Кейбір балалар гаджеттерге шамадан тыс тәуелді болып, оқуына, денсаулығына және әлеуметтік қарым-қатынасына зиян келтіреді. Сондықтан отбасы ішінде экран алдында өткізілетін уақытқа белгілі бір шектеулер қою қажет. Әке баласымен бірге спортпен айналысып, кітап оқып, табиғат аясында серуендеп, түрлі пайдалы іс-шараларға қатысу арқылы оның бос уақытын мазмұнды өткізуіне ықпал ете алады.
Сонымен қатар, әке баланың цифрлық сауаттылығын дамытуға көмектесуі керек. Ақпаратты саралау, жалған жаңалықтарды ажырату, интернеттегі этикалық нормаларды сақтау сияқты дағдылар қазіргі қоғамда аса қажет. Бұл қабілеттер баланың болашақта саналы әрі жауапты азамат болып қалыптасуына ықпал етеді.
Әке баласымен үнемі сөйлесіп, оның қызығушылықтары мен мәселелеріне көңіл бөлуі қажет. Егер бала интернетте кездескен қиындықтары туралы еркін айта алса, көптеген қауіптің алдын алуға болады. Ашық диалог пен өзара сенім – цифрлық ортадағы қауіпсіз тәрбиенің негізі.
Қорытындылай келе, цифрлық дәуірдегі әке тәрбиесі заман талабына сай жаңаша көзқарасты қажет етеді. Әке технологияның мүмкіндіктерін тиімді пайдалана отырып, баласына дұрыс бағыт-бағдар беруге, қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және адамгершілік құндылықтарды сіңіруге міндетті. Саналы, білімді және жауапты ұрпақ тәрбиелеу – әрбір әкенің басты борышы. Отбасындағы мықты тәрбие мен әкенің өнегелі үлгісі ғана болашақ қоғамның жарқын келбетін қалыптастырады.
Өз тілшімізден.


