2. АРНАЙЫ ТЕХНИКАҒА КЕДЕРГІСІЗ ЖОЛ – АДАМ ӨМІРІНІҢ КЕПІЛІ

5ffcab04-9756-4322-8351-693c991e814a.jpeg

Алматы облысы Іле ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Өтеген батыр ауылы әкімдігі және Іле ауданының Полиция басқармасымен бірлесіп, республикалық **«Еркін жол жүру»** акциясы аясында профилактикалық іс-шара өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметтерінің арнайы техникаларының оқиға орнына кедергісіз әрі жедел жетуін қамтамасыз ету.

Рейд барысында арнайы техникалардың қозғалысына кедергі келтірген бетон конструкциялары алынып тасталды. Сонымен қатар тұрғындарға көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары мен кіреберіс жолдарын автокөліктермен бөгемеудің, арнайы техникаларға арналған жолдарды әрдайым бос ұстаудың маңыздылығы түсіндірілді.

Мамандар төтенше жағдай кезінде әрбір минуттың маңызды екенін атап өтіп, тұрғындарды қауіпсіздік талаптарын сақтауға және арнайы қызметтердің жұмысына кедергі келтірмеуге шақырды. Мұндай профилактикалық шаралар аудан аумағында алдағы уақытта да жалғасатын болады.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ТМҰ-ға мүше елдер басшылары түркі әлемі өнер шеберлерінің концертін тамашалады
  • Жаңа Конституция-еліміздің бағдары
  • ҚОШ КЕЛДІҢ, АЛТЫН КҮЗ!
  • «Кітап оқитын ұлт» марафоны аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді
  • Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Абдолла Қарсақбаевтың туғанына 100