

Аудандық орталық ауруханада медицина қызметкерлері арасында «Заң мен Тәртіп» идеологиясын іске асыру бағыты бойынша нашақорлық пен алкоголизмнің алдын алудағы медицина мамандарының рөлін күшейту және ведомствоаралық іс-қимылды арттыру мақсатында: «Ұлт саулығы – біздің қолымызда тақырыбында жиын өткізілді.
Нашақорлық пен алкоголизм — жеке адамның ғана емес, бүкіл қоғамның қауіпсіздігіне, демографиясына және болашағына қауіп төндіретін жаһандық мәселе. Медицина қызметкерлері бұл дерттің зардабымен күресіп қана қоймай, оның алдын алу (профилактика) кезеңінде басты рөл атқарады. Осы бағытта жиында:
-Ерте анықтау және диагностика: Нашақорлық пен алкоголизм белгілерін алғашқы медициналық-санитарлық көмек (АМСК) деңгейінде ерте сатысында анықтау әдістері.
-Ведомствоаралық байланыс: Наркологиялық қызмет, емхана дәрігерлері, психологтар және құқық қорғау органдарының бірлескен іс-қимыл шаралары.
-Профилактиканы күшейту: тұрғындар арасында, жастар арасында медицина мамандарының қатысуымен түсіндіру жұмыстарын жиілету.
Жиынға қатысушылар ұлт саулығын сақтау — әрбір медицина қызметкерінің кәсіби және азаматтық міндеті екенін атап өтті. Салауатты өмір салтын насихаттау және дерттің алдын алу шаралары жүйелі түрде жалғасады.
#ЗаңМенТәртіп #Салауатты қоғам #БалқашАуданы


