Жаңа Конституцияның күшіне енуіне орай жиын өтті

bf57d1fd-479d-4a4c-a17e-a67a7f5b9e7e.jpeg

c3825d15-820d-4db5-9d56-33d465cee0a3.jpeg

Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай аудан әкімдігінде аудан әкімі А. Құтпанбетовтің төрағалығымен арнайы жиын өтті.

Жиын барысында Конституцияның ел дамуындағы стратегиялық маңызы, заң үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, әділетті қоғам құру бағытындағы негізгі қағидаттар кеңінен талқыланды.

Жиында аудандық мәслихат төрағасы мен аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы сөз сөйлеп, Жаңа Конституцияның ел бірлігі мен қоғамдық тұрақтылықты нығайтудағы, құқықтық мемлекетті дамытудағы маңызына тоқталып, өз пікірлерімен бөлісті.

Аудан әкімі Конституция – мемлекет тұрақтылығының, қоғамдық келісім мен бірліктің берік негізі екенін атап өтіп, әрбір азаматтың заңға құрметпен қарап, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға үлес қосуы маңызды екенін жеткізді.

Конституцияны құрметтеу – Тәуелсіз Қазақстанның болашағына деген жауапкершіліктің көрінісі. Заң үстемдігі салтанат құрған қоғамда ғана тұрақты даму мен халықтың әл-ауқаты қамтамасыз етіледі. #Конституция

#ЖаңаКонституция

#ҚазақстанРеспубликасы

#ЗаңМенТәртіп

#ЗаңҮстемдігі

#ӘділеттіҚазақстан

#ҚұқықтықМемлекет

#АуданӘкімдігі

#ҚоғамдықКелісім

#БірлікПенТұрақтылық

#БалқашАуданы

#АлматыОблысы


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ
  • Қазақстанда жеңіл электромобильдер саны тұрақты өсіп келеді
  • Электромобили представлены во всех регионах Казахстана
  • Предложения бизнеса лягут в основу промышленной политики партии «Әділет»
  • Бизнестің ұсыныстары «Әділет» партиясы өнеркәсіптік саясатының өзегіне айналады