Қазгидромет ескертеді

41066fa1-c6b7-47bd-8131-c1bce5b82d79.jpeg

«Қазгидромет» РМК-ның дауылды ескертуіне сәйкес, 2026 жылғы 3 шілдеде Алматы облысында өте қатты жаңбыр күтіледі. Осыған байланысты Іле және Күнгей Алатауларында сел жүру қаупі бар.

❗ Құрметті Алматы облысының тұрғындары мен қонақтары!

Ауа райы тұрақталғанға дейін таулы аймақтарға барудан, өзен аңғарлары мен шатқалдарда демалудан бас тартуға шақырамыз.

Сел қаупі кезінде келесі қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз:

* ауа райы болжамдары мен ресми ескертулерді тұрақты бақылаңыз;

* нөсер жауын кезінде өзен арналары мен сай-салалардан алыс болыңыз;

* өзен жағасында, сел жүруі мүмкін аңғарларда және тау бөктерінде шатыр тікпеңіз;

* көлігіңізді өзен арналарының, көпірлердің және тау өзендерінің маңына қалдырмаңыз;

* балаларды қараусыз қалдырмаңыз, олардың қауіпті аймақтарға баруына жол бермеңіз;

* тауға шығуды, жаяу серуендеуді және туристік бағыттарға баруды кейінге қалдырыңыз;

* сел қаупі туындаған жағдайда немесе су деңгейі күрт көтерілсе, дереу қауіпсіз, биік жерге шығыңыз;

* электр сымдарына, опырылған ағаштарға және зақымданған құрылыстарға жақындамаңыз;

* төтенше жағдай орын алса, 112 нөміріне дереу хабарласыңыз.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қапшағай су қоймасы балық шабақтарымен толықтырылды
  • Хабарландыру!
  • Обьявление!
  • Хабарландыру!
  • Президент Жолдауын жүзеге асыру: су үнемдеу технологиялары суармалы жерлердің 36%-ын қамтиды