БАЛҚАШ АУДАНЫ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНДЕ “ҚАУІПСІЗ ҮЙ” ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ БАСТАЛДЫ

2168c14f-09d7-42fb-8b89-96cc17a30874.jpeg

2026 жылғы 17–19 шілде аралығында «Қауіпсіз үй» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Балқаш АПБ ҚҚБ Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының аға инспекторы, полиция майоры М. Рыскуловна және учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Б. Байдүйсен тұрғындар арасында профилактикалық жұмыстар жүргізді.

Іс-шара барысында қоғамдық орындар мен әкімшілік учаскедегі тұрғын үйлер және пәтерлер араланып, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқық бұзушылықтарға жол бермеу, отбасы құндылықтарын нығайту және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, қолайсыз отбасылар мен профилактикалық есепте тұрған азаматтар тексеріліп, олардың тұрмыс жағдайына зерделеу жүргізілді. Тұрғындарға тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, заң талаптарын сақтау, құқықтық көмек алу жолдары және сенім телефондары туралы ақпараттық жадынамалар таратылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерін дер кезінде анықтау, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қоғамдағы құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ДДСҰ басшысы Тоқаевтың медицина қызметкерлерін қолдау саясатына ризашылығын білдірді
  • Глава ВОЗ высоко оценил вклад Токаева в реализацию концепции «Здоровье для всех»
  • По итогам уборочной кампании 2026 года Казахстан собрал 24,3 млн тонн зерна
  • Қазақстан 2026 жылы 24,3 млн тонна астық жинады.
  • Басты құндылығы-адам және оның қадір-қасиеті