- 2026 жылғы қаңтар-маусымда Қазақстандағы жолаушылар айналымы 5,1%-ға ұлғайды

6c76aa82-cf09-4f6e-b136-dfabf6673950.jpeg

2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанда барлық көлік түрімен 979,4 млн жолаушы тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,5% артық. Осы кезеңде жолаушылар айналымы 5,1% өсіп, 45,3 млрд жолаушы-километрді құрады.

Жолаушылар тасымалының негізгі үлесі дәстүрлі түрде автомобиль көлігіне тиесілі болды. Автомобиль көлігімен 962,7 млн жолаушы тасымалданды. Алты ай ішінде теміржол көлігінің қызметін – 9,2 млн, әуе көлігін – 7,4 млн, теңіз көлігін – 14 мың жолаушы пайдаланған. Жолаушылар тасымалынан түскен кәсіпорындардың кірісі 0,8 млрд теңгені құрады.

Жолаушылар айналымының ең жоғары өсімі Қостанай облысында тіркелді – 62,7%. Сондай-ақ айтарлықтай өсім Алматы қаласында – 22,3%, Ақмола облысында – 20,6% және Шымкент қаласында – 19,2% байқалды. Алматы облысында жолаушылар айналымы 15,8%, Қарағанды облысында – 14,2%, Жетісу облысында – 13,6%, Батыс Қазақстан облысында – 10% өсті. Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында өсім 8,9%, Ақтөбе облысында – 4,6%, Абай облысында – 2,3% болды.

Жүк тасымалында да оң үрдіс сақталды. Қаңтар-маусым айларының қорытындысы бойынша жүк айналымы өткен жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 2% артып, 255,8 млрд тонна-километрді құрады.

Жүк айналымының ең жоғары өсімі Жетісу облысында – 16,3% және Абай облысында – 12,2% тіркелді. Қызылорда облысында көрсеткіш 8,7%, Астана қаласында – 8,5%, Ақтөбе облысында – 6,9%, Түркістан облысында – 5,8%, Ақмола облысында – 4,9%, Ұлытау облысында – 4,6%, Шығыс Қазақстан облысында – 2,5% өсті. Сондай-ақ Батыс Қазақстан, Жамбыл және Маңғыстау облыстарында өсім 1,9%-дан, Алматы қаласында – 0,4%, Қостанай облысында – 0,2% болды.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Спикер Чо Чжон Шик Қазақстан Президентіне ықылас танытып, Ұлттық Ассамблеяға арнайы келгені үшін алғ
  • Президент остановился на роли законодательных органов в сотрудничестве между Казахстаном и Кореей
  • Мемлекет басшысы Қазақстан мен Корея арасындағы ынтымақтастықты нығайтуда заң шығарушы органдардың а
  • Президент Касым-Жомарт Токаев провел встречу со Спикером Национальной Ассамблеи Республики Корея
  • Президент Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының Спикері Чо Чжон Шикпен кездесті