Елордада «Болашақ ойындары» аясындағы Дүниежүзілік фиджитал саммиті басталды

IMG_7686.jpeg

Астанада «Болашақ ойындары» халықаралық мультиспорт турнирі аясында өтіп жатқан Phygital Sports Summit Astana 2026 форумы басталды. Іс-шараның ашылуында ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов сөз сөйлеп, фиджитал спорттың жаһандық спорт индустриясындағы орны мен оны дамытудағы халықаралық ынтымақтастықтың маңызын атап өтті.

Саммитке Біріккен Араб Әмірліктерінің спорт министрі Ахмед Бельхул Әл Фаласи, Ресей Федерациясының спорт министрі Михаил Дегтярев, Өзбекстан Республикасының спорт министрі Адхам Икрамов, Әзербайжан Республикасының жастар және спорт министрі Фарид Гаибов, Беларусь Республикасының спорт министрі Сергей Ковальчук, сондай-ақ халықаралық спорт ұйымдарының өкілдері, технологиялық компаниялар мен түрлі елдердің сарапшылары қатысып жатыр.

Саммит бағдарламасы аясында фиджитал спортты дамыту, халықаралық серіктестікті нығайту, цифрлық технологиялар, инновациялар және спорт индустриясының болашағына арналған панельдік сессиялар өтеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Phygital Sports Summit Astana 2026 тәжірибе алмасуға, өзекті мәселелерді талқылауға және фиджитал қозғалысын одан әрі дамытуға бағытталған жаңа бастамаларды қалыптастыруға мүмкіндік беретін маңызды халықаралық алаңға айналмақ.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ДДСҰ басшысы Тоқаевтың медицина қызметкерлерін қолдау саясатына ризашылығын білдірді
  • Глава ВОЗ высоко оценил вклад Токаева в реализацию концепции «Здоровье для всех»
  • По итогам уборочной кампании 2026 года Казахстан собрал 24,3 млн тонн зерна
  • Қазақстан 2026 жылы 24,3 млн тонна астық жинады.
  • Басты құндылығы-адам және оның қадір-қасиеті