Мемлекеттік қызметте өсу және меритократия қағидаты

Қазіргі таңда мемлекеттік қызметтің тиімділігі мен сапасын арттыру – еліміздің басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатқа жетудің негізгі тетіктерінің бірі – меритократия қағидатын жүзеге асыру. Меритократия – мемлекеттік қызметке қабылдау мен қызметтік өсуді адамның біліміне, кәсіби біліктілігіне, еңбек нәтижесіне және жеке қабілеттеріне негіздеу қағидаты. Бұл жүйе мемлекеттік аппараттың кәсібилігін арттырып, халыққа көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуға мүмкіндік береді яғни лауазымға таныстық немесе жеке байланыс арқылы емес, адамның нақты жетістіктері мен кәсіби қасиеттеріне қарай тағайындалуын білдіреді. Бұл қағидат мемлекеттік қызметте ашықтықты, әділдікті және тең мүмкіндікті қамтамасыз етеді.

Қазақстанда мемлекеттік қызметті жаңғырту барысында меритократия қағидатын енгізуге ерекше көңіл бөлінуде сонымен қатар Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңында мемлекеттік қызмет саласындағы негізгі қағидаттардың бірі ретінде меритократия бекітілген. Заңға сәйкес, мемлекеттік қызметке іріктеу және мансаптық ілгерілету азаматтардың кәсіби құзыреттеріне, біліктілік талаптарыныңсәйкестігіне және қызметтік міндеттерді тиімді орындауына негізделеді.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 2024–2029 жылдарға арналған мемлекеттік қызметті дамыту тұжырымдамасында меритократия қағидатын одан әрі жетілдіру, кадрларды әділ іріктеу және тиімді мансаптық өсуді қамтамасыз ету мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі ретінде айқындалған. Тұжырымдамада меритократия мемлекеттік қызметке іріктеу және қызмет бойынша ілгерілету құзыретке, кәсіби дағдыға және еңбек нәтижесіне негізделуі тиіс екені атап өтіледі.  Мемлекеттік қызметтегі кадрлық іріктеу мен өсудің негізгі құралдарының бірі – конкурстық рәсімдер яғни конкурстық іріктеу арқылы бос лауазымдарға орналасу қызметкерлердің мансаптық өсуіне мүмкіндік береді. Демек әрбір мемлекеттік қызметші өзінің мансаптық өсуіне қол жеткізе алады.

2026 жылдың 2-тоқсан қорытындысы бойыншаішкі конкурстар нәтижесінде бос лауазымдарға 48мемлекеттік қызметші жоғарғы лауазымдарға тағайындалдыоның ішінде 40 қызметші бұрын төменгі лауазымдарда қызмет атқарған. 2026 жылдың 1-тоқсанымен салыстырғанда 2026 жылдың 2-тоқсанында меритократия үлесі 54%өскен.

Қорыта айтқанда, меритократия – заманауи мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаларының бірі. Қызметтік өсу адамның біліміне, тәжірибесіне және нақты еңбек нәтижесіне негізделген жағдайда ғана тиімді мемлекеттік аппарат қалыптасады. Сондықтан меритократия қағидатын нығайту – Қазақстандағы мемлекеттік басқаруды жетілдірудің маңызды бағыты болып қала береді.

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Н.Сейдалиев


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алматы облысында құрылыс индустриясындағы еңбек мәселелері талқыланды
  • Мемлекеттік қызметте өсу және меритократия қағидаты
  • 2026 ЖЫЛДЫҢ І ЖАРТЫЖЫЛДЫҒЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САЛАСЫНДА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛДІ
  • 9 бағыт бойынша
  • 9 бағыт бойынша