
Жетінші арнада сайлауалды теледебаттарғақатысушылардың сөз сөйлеу реті анықталды
Жетінші арнада сайлауалды телевизиялықдебаттарға қатысушылардың сөз сөйлеу кезегінанықтайтын жеребе тарту рәсімі өтті
Бүгін Жетінші арнаның тікелей эфирінде 5 тамызкүні Астанадағы «Қазмедиа орталығы» концерт залында өтетін сайлауалды телевизиялықдебаттарға қатысатын саяси партиялар өкілдерініңсөз сөйлеу кезегін анықтайтын ашық жеребе тартурәсімі өтті.
Жеребе тартуға Құрылтай сайлауына қатысатынжеті саяси партияның өкілдері қатысты. Рәсімашық форматта ұйымдастырылып, барлыққатысушылар үшін тең мүмкіндік пен үдерістіңашықтығын қамтамасыз етті.
Жеребе тарту рәсімін өткізу үшін ішінде реттікнөмірлер жазылған карточкалар салынған арнайыыдыс пайдаланылды. Жүргізуші партиялардыкезекпен атап, әр партияның өкілі нөмір жазылғанкарточканы өзі таңдады. Жеребе нәтижелеріэлектрондық жүйеде тіркеліп, экранда нақты уақытрежимінде көрсетіліп отырды.
Жеребе тарту қорытындысы бойыншателевизиялық дебат барысында саяси партияларөкілдерінің сөз сөйлеу реті белгіленді:
1. Respublica партиясы – Мейрамгүл Мәдәлі;
2. «Ақ жол» партиясы – Дулат Тастекей;
3. Жалпыұлттық социал-демократиялықпартиясы – Максұт Насибулов;
4. «Әділет» партиясы – Рауан Кенжеханұлы;
5. «Байтақ» партиясы – Аслан Байзаханов;
6. «Ауыл» партиясы – Шахмардан Байманов;
7. Қазақстанның Халық партиясы – БейбітҚұсайынов;
Естеріңізге сала кетейік, телевизиялық дебаттар 5 тамыз күні сағат 20:26-да Жетінші арнаның тікелейэфирінде өтеді. Дебаттардың негізгі тақырыбы – білім беру жүйесін дамыту. Жоба интерактивтіформатта өтеді және төрт кезеңнен тұрады: партиялардың сайлауалды бағдарламаларынтаныстыру, білім беру саласындағы бастамалардыталқылау, студия көрермендерінің сұрақтарынажауап беру және сайлаушыларға қорытынды үндеужасау.
Жобаның басты ерекшеліктерінің бірі – көрермендердің белсенді қатысуы. Тікелей эфир барысында QR-код арқылы онлайн дауыс беру ұйымдастырылып, оның аралық нәтижесі екіншікезеңде және қорытындысы соңында жарияланады. Сонымен қатар көрермендер арнаның ресмиInstagram парақшасында пікір қалдыра алады, олардың бір бөлігі тікелей эфир барысында экранданақты уақыт режимінде көрсетіледі.
Теледебаттың тікелей трансляциясын Жетіншіарнаның эфирінен, сондай-ақ арнаның ресми сайты мен әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынанкөруге болады.


