Құрылтай-қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайтады

987896e4-2c5d-4cdd-a3f7-fe30e1c7cc89.jpeg

      Құрылтай – бүгінгі таңда заман ағымымен бірге түрленіп, қоғамымызға қайта оралып жатқан маңызды институт. Мен көпті көрген ақсақал ретінде Құрылтай жөнінде осындай пікірдемін.

      Иә, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту – Құрылтай жұмысының негізгі қағидаттарының бірі. Мұнда ашық пікір алмасу арқылы көтерілген ұсыныстар елдің өркендеуіне бағытталған нақты бастамаларға жол ашады. Бұл – халық үніне құлақ асып, азаматтардың ұсыныстарын мемлекеттік саясатпен ұштастырудың тиімді тетігі.

       23 тамыз күні өтетін ҚР Құрылтайы депутаттарының сайлауына дайындық барысы Балқаш ауданында да өз деңгейінде ұйымдастырылып жатқанын көзіміз көріп отыр. Аудандағы 23 сайлау учаскесінің ішінде өзім дауыс беретін учаскенің де әзірлігі көңілге қонымды. Саяси бәйгеге түсіп жатқан 7 партияның сайлауалды штаб мүшелері ауылдар мен елді мекендерді аралап, жұртшылықты өз бағдарламаларымен таныстыруда.

      Сайлау өз деңгейінде өтіп, «жүзден жүйрік» танылған нағыз ел жанашырлары ғана Құрылтай депутаты болады деген сенімдемін.

  

Серік Бекжігітов, өрт  сөндіру саласының ардагері,Балқаш ауданының Құрметті азаматы.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Құрылтай сайлауын асыға күтіп жүрмін
  • «Таза Қазақстан»: Более 22 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в экологической акции
  • «Таза Қазақстан»: Алматы облысында 22 мыңнан астам тұрғын тазалық жұмысына атсалысты
  • Құрылтай-қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайтады
  • “Таза Қазақстан” акциясы аясында сенбілік өтті