​«Денсаулық – басты байлық» атты футболдан микс-сайыс өткізілді

IMG_9339.jpeg

Балқаш ауданының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа деген қызығушылықты арттыру және командалық бірлікті нығайту мақсатында «Денсаулық – басты байлық» атты футболдан микс-сайысы өткізілді.

Аталған сайыста қыздар мен ұлдар аралас командалар құрамында өнер көрсетіп, өзара бақ сынасты. Қатысушылар ойын барысында белсенділік, ұйымшылдық және жеңіске деген жігер танытты.

 Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаз командаларға алғыс хаттар, төсбелгілер мен сыйлықтар табысталды.

Спорт – денсаулық кепілі! Салауатты өмір салтын бірге қолдайық! 



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Глава государства с Королем и Королевой бельгийцев посетили Национальный центр детской реабилитации
  • Мемлекет басшысы Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық балаларды оңалту орталығына
  • Таза Қазақстан
  • Заң мен тәртіп
  • ДОСТЫҚ – БІЗДІ БІРІКТІРЕТІН ҮЛКЕН КҮШ!