
Ақын, қазақ поэзиясында айрықша орны бар ұлы тұлға Қасым Аманжоловтың туғанына 115 жыл толу мерейтойына орай Балқаш аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен «Асқақ, рухты поэзия өкілі» атты жыр кеші өткізілді. Шараға Б.Бейсекбаев мектеп-гимназиясының 4-сынып оқушылары қатысты. Аталмыш шараның жүргізілу барысында «Жасық өлең емес, асыл өлең» жазуды мақсат тұтқан қайсар ақын Қ.Аманжоловтың өмірі мен шығармашылық жолы баяндалып, арнайы ұйымдастырылған кітап көрмесіне библиографиялық шолу жүргізілді. Мектеп-гимназия оқушыларының жатқа мәнерлеп оқуларында ақын жырлары дәріптелді.


