
Ағымдағы жылдың 13 қазан күні Нұрғиса Тілендиев атындағы Іле аудандық мәдениет үйінде Алматы облысы әкімінің қолдауымен қазақ опера өнерінің көрнекті өкілі, КСРО халық әртісі Ермек Серкебаевтың 100 жылдығына арналған еске алу ән кеші өтті.
Тағылымды мәдени шара барысында Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының өнер ұжымы Ілелік көрермендерге ерекше концерттік бағдарлама ұсынды.
Кеште қайта жаңғырған «Арқас» ансамблінің сүйемелдеуімен әуелеген әсем әндер, «Алтынай» мемлекеттік халықтық би ансамблі бишілерінің мың бұралған билері мен жеке орындаушы әншілердің өнері көрермендердің көңілінен шыға білді.
Қазақ өнерінің алтын қорында өшпес із қалдырған Ермек Серкебаевтың шығармашылық мұрасын ұлықтауға бағытталған кеш көпшіліктің ыстық ықыласына бөленіп, өнерсүйер қауымға рухани әсер сыйлады.
Тағылымы мол мәдени шара ұлы тұлғаның есімін ұлықтап қана қоймай, ұлттық өнеріміздің бай мұрасын дәріптеуге арналған ерекше өнер мерекесіне айналды.


