
Грузияның Тбилиси қаласында 14–15 қараша күндері өткен Tbilisi Open International Karate Tournament халықаралық турнирінде Дулатбай Арман жоғары шеберлік пен қайсар мінез танытып, І орынды иеленді!
Аталған жарысқа 6 мемлекеттен 350-ден астам спортшы қатысып, өзара бақ сынады.
Осындай ауқымды халықаралық додада топ жарып, ел намысын абыроймен қорғаған Арманды шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл жеңіс – тынымсыз еңбектің, табандылықтың, тәртіптің және жеңіске деген жігердің жемісі!
Көк байрағымызды биікте желбірете бер! Алда бұдан да биік белестер мен жарқын жеңістер көп болсын!


