
Математика – тек сабақта есеп шығару ғана емес, қызықты ойындар мен тапқырлықтың да мекені!
Мектебімізде оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, математикалық білімдерін жетілдіру және пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Көңілді үзіліс» іс-шарасы ұйымдастырылды.
Оқушылар үзіліс уақытында қызықты математикалық тапсырмаларды орындап, логикалық сұрақтарға жауап беріп, өз білімдері мен шапшаңдықтарын сынады. Танымдық тапсырмалар арқылы оқушылар өзара жарысып, тапқырлықтары мен зеректіктерін танытты.
Ойландық, есептедік, тапқырлығымызды таныттық!
Осындай қызықты сәттер оқушылардың білімге деген құштарлығын арттырып, үзіліс уақытын пайдалы әрі көңілді өткізуге мүмкіндік береді.
Математика – ақыл-ойдың гимнастикасы!


