
Балқаш ауданына қарасты Қарой ауылдық округіндегі № 111 сайлау учаскесіне келген көпбалалы ана Алма Ұзақбайқызы
алғашқылардың бірі болып өз таңдауын жасады.
Таңертеңнен сайлау учаскесіне асыққан тұрғындардың қатарында болған Алма Ұзақбайқызы азаматтық белсенділік танытып,
дауыс беру рәсіміне қатысты. Ол сайлау – әрбір азаматтың өз таңдауын білдіріп, ел болашағына қатысты маңызды шешімдерге үн
қосуының бір жолы екенін атап өтті.
Көпбалалы ана ретінде қоғам өміріндегі осындай маңызды науқандардан шет қалмай, өз азаматтық ұстанымын білдіруді әр
адамның жауапкершілігі деп санайтынын жеткізді.


