Атақты марафоншы маңызды науқаннан тыс қалмады

image.png

Есік қаласындағы Тұманбай Молдағалиев атындағы аудандық Мәдениет үйінде орналасқан №123 сайлау учаскесіне сайлаушылар таң ертемен келіп жатыр. Олардың арасында қазақстандық марафоншы, жеңіл атлетика және шаңғы спортының жаттықтырушысы, педагог, КСРО спорт шебері, Қазақстан Республикасының Құрметті спорт қайраткері Алпыс Ермағамбетов те бар. 

Спорт саласының майталманы, ауданда өтетін қоғамдық-мәдени іс-шараларға да белсенді қатысатын Алпыс Арықбайұлы сайлау науқанынан да тыс қалмай, сайлау уческесіне зайыбымен бірге келіп, өз таңдауын жасады.  

«Бүгін азаматтық борышымды орындап, қоғамның өсіп-өркендеуі үшін өз даусымды бердім. Сайлауға қатысу – әрбір азаматтың қоғам өміріне араласып, ел болашағына қатысты өз пікірін білдіруінің маңызды мүмкіндігі. Спорт саласында ұзақ жыл еңбек етіп келе жатқан азамат ретінде жастарды белсенділікке, жауапкершілікке және ел өміріне бейжай қарамауға шақырамын. Әр азаматтың таңдауы маңызды. Сондықтан баршаңызды азаматтық белсенділік танытып, өз таңдауыңызды жасауға шақырамын!» – деген 80 жастағы ақсақал өз ісімен жастарға үлгі көрсетті.

Құралай Мұратқызы

Еңбекшіқазақ ауданы


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Атақты марафоншы маңызды науқаннан тыс қалмады
  • СПОРТТАҒЫ ТАБАНДЫЛЫҚ – АЗАМАТТЫҚ ҰСТАНЫМНЫҢ ҮЛГІСІ!
  • Мәслихат сайлауы – 2026: Қонаевта қоғамдық көліктер тегін жүреді
  • «Преемственность поколений – ответственность за будущее страны»
  • «Ұрпақтар сабақтастығы – ел болашағына деген жауапкершілік»