Шалғай ауыл тұрғындары сайлауда белсенділік танытты

25db9a65-9e5f-41be-935a-e0dab7f3be18.jpeg

c657b573-7a26-420d-b70e-2ccba7358767.jpeg

Райымбек, Кеген аудандарындағы мәслихат депутаттарын сайлау науқанына шалғай елді мекендердің тұрғындары да белсенді қатысуда. Азаматтардың қай жерде тұрса да, дауыс беру құқығын еркін жүзеге асыруына жағдай жасау – сайлау процесінің маңызды талаптарының бірі.

Райымбек ауданының шалғайындағы Тұзкөл ауылының тұрғындары да бүгін №780 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады. Ауыл халқы мәслихат депутаттығына үміткерлерге дауыс беріп, маңызды саяси науқанға өз үлестерін қосты.

Кеген ауылының Тұйық ауылының тұрғындары да сайлау науқанына қатысуда белсенділік танытты. Ауыл халқы таңертеңгі уақыттан бастап дауыс беріп, азаматтық ұстанымдарын білдірді.

Шалғайда орналасқанына қарамастан, Тұйық, Тұзкөл тұрғындарының сайлау процесіне қатысуы – азаматтық белсенділік пен ел өміріне деген жауапкершіліктің айқын көрінісі. Әрбір азаматтың өз таңдауын жасауы – жергілікті халықтың болашағына бейжай қарамайтынын аңғартады.

Сайлау – халықтың өз өкілдерін таңдап, қоғамдық басқару ісіне араласуына мүмкіндік беретін маңызды демократиялық үдеріс. Осы тұрғыдан алғанда, шалғай ауыл тұрғындарының да дауыс беруі ел өміріндегі саяси науқанның маңызын арттыра түседі.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Бизнес с активной гражданской позицией
  • «ТӘУЕКЕЛ-Н-АЛҒАБАС» ЖШС ҰЖЫМЫ ДАУЫС БЕРДІ
  • *В Алматинской области сёстры-близнецы вместе проголосовали на выборах в маслихат*
  • *Алматы облысында егіздер мәслихат сайлауында бірге дауыс берді*
  • Мастер, прославляющий национальное искусство, сделала свой выбор