«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ ДАУЫС БЕРДІ

aff3e769-84a8-491c-9e81-1617b44237d0.jpeg

Бүгін өтіп жатқан мәслихат депутаттарының сайлауында Кеген ауылындағы №558 сайлау учаскесіне «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауының жеңімпаздары Бақашовтар отбасы арнайы келіп, отбасымен бірге өз таңдауларын жасады.

Ел бірлігі мен отбасы құндылықтарын ту еткен өнегелі шаңырақ үшін мұндай маңызды саяси науқанға қатысу – азаматтық жауапкершілік пен ел болашағына деген жанашырлықтың көрінісі.

Бақашовтар отбасы әрбір азаматтың дауысы ел дамуы мен қоғамның болашағы үшін маңызды екенін атап өтіп, барша тұрғындарды сайлауға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасауға шақырды.

Өнегелі отбасы – ел бірлігінің тірегі, ал саналы таңдау – жарқын болашақтың бастауы!

Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ 

Кеген ауданы


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Бизнес с активной гражданской позицией
  • «ТӘУЕКЕЛ-Н-АЛҒАБАС» ЖШС ҰЖЫМЫ ДАУЫС БЕРДІ
  • *В Алматинской области сёстры-близнецы вместе проголосовали на выборах в маслихат*
  • *Алматы облысында егіздер мәслихат сайлауында бірге дауыс берді*
  • Мастер, прославляющий национальное искусство, сделала свой выбор