Әлеуметтік қолдау мен отбасы институтын нығайтудың маңызы зор

image.png

     Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ұлттың рухани және әлеуметтік дамуының бастауы. Отбасының беріктігі мен 

тұрақтылығы қоғамдағы тыныштық пен бірліктің кепілі болып табылады. Осы орайда Балқаш ауданында жұмыс 

істейтін Отбасын қолдау орталығы тұрғындарға жан-жақты көмек көрсетіп, әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіруге, 

отбасы институтын нығайтуға және тұрмыстық мәселелердің алдын алуға бағытталған маңызды қызмет атқарып 

келеді. Бүгінгі таңда көптеген азаматтар өмірдің түрлі қиындықтарына тап болуы мүмкін. Жұмыссыздық, материалдық 

тапшылық, отбасылық келіспеушіліктер, құқықтық мәселелер мен психологиялық қиындықтар тұрғындардың тұрмыс

 сапасына әсер етеді. Осындай жағдайда Отбасын қолдау орталығы халыққа кешенді көмек көрсетіп, олардың 

мәселелерін шешуге қолдау білдіреді.

      Орталықтың басты міндеттерінің бірі –қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға ( отбасыларыға ) әлеуметтік, 

құқықтық және психологиялық кеңестер беріледі. Сонымен қатар мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат

 ұсынылып, қажетті қызметтерге бағыттау жұмыстары жүргізіледі.

Отбасы институтын нығайту бағытында да орталық жүйелі жұмыстар атқаруда. Мамандар отбасылық құндылықтарды 

дәріптеу, ата-аналардың жауапкершілігін арттыру, жас отбасыларға қолдау көрсету және отбасылық қарым-қатынасты 

жақсарту бойынша кеңес береді. Отбасындағы өзара түсіністік пен сыйластықты қалыптастыру мақсатында түрлі 

кездесулер, семинарлар мен тренингтер ұйымдастырылады. Тұрмыстық мәселелердің алдын алу – орталық

 қызметінің маңызды бағыттарының бірі. Мамандар тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тұрмыстық 

зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және жанжалдарды ерте кезеңде шешу бойынша 

көмек көрсетеді. Қажет болған жағдайда азаматтар психологиялық және құқықтық қолдау алып, тиісті мекемелермен 

байланыс орната алады.

     Қорытындылай келе, Балқаш ауданындағы Отбасын қолдау орталығы халықтың әл-ауқатын арттыруға, отбасы 

құндылықтарын нығайтуға және қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге зор үлес қосып келеді. 

Тұрғындарға көрсетілетін жан-жақты қолдау отбасының беріктігін арттырып, өмірлік қиын жағдайлардың алдын 

алуға және әрбір азаматтың қоғамдағы белсенділігін күшейтуге ықпал етеді. Отбасы берік болса – қоғам да берік,

 ал қоғамның дамуы әрбір отбасының бақыты мен бірлігінен басталады.   


                                                                           

                                                                  Отбасын қолдау орталығының директоры

                                                                            Нұрсұлтан Диханбаев


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлеуметтік қолдау мен отбасы институтын нығайтудың маңызы зор
  • Конституциялық деңгейде бекіту жайын қозғады
  • Ұлттық валюта қорғалуы тиіс
  • Зиянды өтеу құқығы айтылды
  • Күнделікті өміріне әсер етеді