
5 ақпан күні өткен комиссия отырысында елімізге белгілі заңгер көп мәселелерді айта келе, “Қылмыстық
қудалау, әкімшілік мәжбүрлеу, лицензиялау, жер және салық салаларындағы жағдайлар ерекше сезімтал, өйткені бұл салаларда билік тарапынан жіберілген қателер немесе өкілеттіктерді теріс пайдалану елеулі әрі ұзақ мерзімді салдарға әкелуі мүмкін. Сондықтан мемлекеттің жария-құқықтық жауаптылығын конституциялық деңгейде бекіту мәселесін көтеру маңызды. Бұл азаматтық-құқықтық жауаптылықтың дәстүрлі институтын толықтырады, жеке адам мен жария билік арасындағы бұзылған тепе-теңдікті қалпына келтірудің тиімді құралы болады», – деді комиссия мүшесі Серік Ақылбай өз сөзінде. Бұл өз кезегінде орынды көтерілген мәселе деп есептейміз.
Кәдірбек Омаров,Балқаш аудандық мәслихатының төрағасы.


