АСА МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ ДЕП БІЛЕМІН

Диханбай ҚҰЛТАЕВ, ауданның Құрметті азаматы.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам.» атты Жолдауын тыңдап мынадай ой қорыттым.

Жолдау ел болашағына нық сенім ұялататын, халықтың әлеуметтік және экономикалық жағдайын өркендететін, Жаңа Әділетті Қазақстан құрудағы аса маңызды қадам болды деп санаймын.

Жолдауда белгіленген реформалар азаматтардың сөз бостандығы мен жеке бастарының құқықтық нормаларына және ұлт мүддесін қорғайтын бастамаларға негізделген. Білім беру сапасын арттырудағы ерекшеліктер халық ойынан шықты. Осы тақырып аясында заманауи ұлттық мектеп, бәсекеге қабілетті медицина мамандарының, балабақша мұғалімдерінің мерейін өсіретін: олардың мүдделерін қорғау, әлеуметтік жағдайларын жақсарту, білімі мен біліктілігін арттыру сынды өзекті мәселелер қамтылды.

Сондай-ақ, Ұлттық қордағы инвестициялық табыстың 50%-ы балалардың арнайы ашылған шоттарына аударылатыны да құптарлық іс болды деп санаймын. Дәлірек айтсақ, бұл Жолдау мектепке дейінгі тәрбиеден бастап, әлеуметтік қордаланған мәселелер мен экономикалық ахуалды жік-жігімен таразылап берді.

 Биылғы 20-шы қарашаға тағайындалған кезектен тыс Президент сайлауы да алдағы уақытта қуатты Жаңа Қазақстан құруды жылдамдататынына бек сенімдімін.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауынан ел болашағының жарқын көрінісін көрдім!

                                                                                                                                          

                                                                                                                                         Желтораңғы ауылы.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ЖАСТАРДЫҢ ТАҢДАУЫ
  • Алматы облысында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында 29,6 мың ағаш отырғызылды
  • Алматы облысында 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау 18 маусымда басталады
  • Около тысячи человек посетили торжественное открытие Перекрестного года культуры Казахстана и Китая
  • Бейжіңде өткен Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылының салтанатты ашылуына мыңға жуық ада