АВТОКӨЛІКТЕРДІҢ ЗАҢДАСТЫРЫЛАТЫНЫНА ҚУАНЫШТЫМЫН

Жолдауда Жаңа Қазақстан құру жолындағы бағыттар көрсе-тіліп, жаңа өзгерістер орын алатыны ашық  айтылды. Елімізде орын алатын өзгерістер тұтастай  халықтың көңілінен шығады деген сенімдемін. Мемлекет басышысы Жолдауында халыққа маңызды мәселелерге тоқталып, ұзаққа созылып, талқыланып келе жатқан бірнеше мәселенің нүктесін қойған болатын-ды.

Президентіміздің  Жолдауында өзіме қонымды, әрі қуанышты тұсы да болды. Ол шетелден әкелген автокөлікті заңдастыру үшін 200-250 мың теңгеден аспайтын соммада біржолғы алым алуды тапсырды. Осы тұрғыда автокөлікті ережесіз кіргізген арналарды жабуды ұсынды. Жаңа ереже осыған дейін елде заңды тіркелген, құжаттары дұрыс автокөліктерге қатысты екенін және 1-ші қыркүйекке дейін шекараға кіріп үлгереген көліктерге арналатынын айтты.

Бұл сырттан әкелінген  автокөлік иелеріне қуанышты жаңалық болды.

Жолдауды барлық жағын алып қарасақта халықтың жақсы өмірге жетелейтін стратегиялық жоспары бар екеніне көзіміз жетеді.

Мен Президентіміздің Жолдауын бірауыздан қолдаймын!

 

      Дәурен ТӨЛЖАРАСОВ, Көкжиде ауылының тұрғыны.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • *Emirates SkyCargo Алматы мен Дубай арасында жүк рейстерін іске қосты*
  • *Emirates SkyCargo запустил еженедельные грузовые рейсы между Алматы и Дубаем*
  • ІЛЕ АУДАНЫНДА «ЕРКІН ЖОЛ ЖҮРУ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
  • 2. АРНАЙЫ ТЕХНИКАҒА КЕДЕРГІСІЗ ЖОЛ – АДАМ ӨМІРІНІҢ КЕПІЛІ
  • «ЕРКІН ЖОЛ ЖҮРУ»: ІЛЕ АУДАНЫНДА ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРА ӨТТІ