ТОҚАЕВТЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗДІ

2e5fa918-fd9a-4942-b59f-2a243f90c0cf.jpg

2e5fa918-fd9a-4942-b59f-2a243f90c0cf.jpg

Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының сайлаушылармен кездесуі Қызылорда облысында жалғасты.

Кәсіпкерлермен және агр-арлық сектор өкілдерімен кездесуде РҚШ мүшелері өңірдегі көлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту мәселелерін талқылады.

Бұдан соң Қызылорда жылу электр орталығының ұжымымен кездесу өтті. Кездесу барысында РҚШ мүшелері коммуналдық шаруашылық саласындағы кандидат ұсынған реформалар туралы айтып берді.

Осы күні РҚШ мүшелері айтыскерлермен және жыршылармен кандидаттың мәдениет пен өнерді дамытуға, сондай-ақ халықаралық аренада Қазақстанды бейбітшілік пен келісім, ізгілік пен толеранттылық елі ретінде танытуға бағытталған сайлауалды бастамаларын талқылады.

«Әділдік бар жерде — халықтың ынтымағы да, өзара ауызбіршілігі де бекем. Мұндай қоғамның тұрақты дамитыны да сөзсіз», - деп атап өтті жыршы Ұлжан Байбосынова.

Жергілікті теміржолшылармен кездескен Штаб мүшелері кандидаттың сайлауалды бағдарламасының басымдықтарына тоқталды. Сабақтастық, әділдік, өрлеу қағидаларына негізделген бағдарламада халықтың әл-ауқатын арттыру, жұмыс істейтін азаматтарға лайықты еңбекақы төлеу, әлеуметтік қызмет түрлерінің сапасын жақсарту сияқты басым бағыттар нақты көрсетілген.

Сондай-ақ үгіт-насихат жұмыстары аясында Қ.Тоқаевтың сенімді өкілдері облыстың бірқатар аудандарына барып, жергілікті халықпен кездесті.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан жақын көршілерімен жан-жақты стратегиялық серіктестікті дамытып келе
  • Казахстан развивает всеобъемлющее стратегическое партнерство с ближайшими соседями – Россией, Китаем
  • Президент: «Қазақстан жақын көршілері – Ресеймен, Қытаймен және Орталық Азия елдерімен жан-жақты стр
  • Президент предложил создать в Алматы региональный филиал Университета ООН
  • Президент: «Глобальная архитектура безопасности не может опираться на ядерное сдерживание»