Салтанат Тұрсынбекова Алматыда Желтоқсан оқиғасы құрбандарын еске алды

891bcb89-68c9-41cd-b3ed-34d1e6383d47.jpg

Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова «Тәуелсіздік таңы» монументіне гүл шоқтарын қойып, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы құрбандарын еске алды.

Ол желтоқсаншылардың ерлігінің арқасында бүгінде барша қазақстандықтардың ұлттық қадір-қасиеті мен құндылықтарын сақтай отырып, тәуелсіз елде өмір сүріп жатқанын атап өтті.

 «Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет болғанына 31 жыл болды.  Ол үшін талай қиындықты басынан өткерген халқымыз үшін Тәуелсіздік – ең асыл қазына.  Тәуелсіздік – біздің орындалған арманымыз, бұл ең алдымен қазақ халқының азаттыққа ұмтылған ерлігінің жемісі», – деді кандидат.

 «Тәуелсіздік таңы» монументі 2006 жылы 18 қыркүйекте Алматыда 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы құрбандарын еске алу мақсатында ашылған.  Жобаның сәулетшісі әрі дизайнері – Тимур Сүлейменов.  Ескерткіш ұлттық сананың өсуін және азаттықтың салтанат құруын бейнелейтін екі тіреуіштен тұрады.  Композицияның ортасында тұрған қыз еркіндік символын білдіреді.  Оң қолын-дағы орамал – адамдарды татулыққа шақыратын символ, сол қолында – бейбітшілік пен татулықтың символы, еркіндікке деген ұмтылысты бейнелейтін көгершін орнатылған.

Еске салайық, Салтанат Тұрсынбекова Алматыда тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша азаматтармен, зияткерлік меншікті қорғау тақырыбын қозғап қалалық құқық қор-ғаушылармен және қоғамдық пікір көшбасшыларымен, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттерімен, сондай-ақ “Родник” дағдарыс орталығының басшысымен түрлі кездесулер өткізді.

Алматы – кандидаттың сайлау алдындағы үгіт-насихат сапарымен барған алтыншы өңірі.    

Құқық қорғаушы бұған дейін Елордада, Қарағанды, Ақмола, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласында болған.

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ЖАСТАРДЫҢ ТАҢДАУЫ
  • Алматы облысында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында 29,6 мың ағаш отырғызылды
  • Алматы облысында 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау 18 маусымда басталады
  • Около тысячи человек посетили торжественное открытие Перекрестного года культуры Казахстана и Китая
  • Бейжіңде өткен Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылының салтанатты ашылуына мыңға жуық ада