МЕРЕКЕНІҢ ТАРИХИ МӘНІ ТЕРЕҢДЕ

Галия.jpg

Ғалия Әліпбаева, аудандық Аналар кеңесінің төрайымы.

Баршаңызды ұлттық ұлық мерекеміз – Қазақстан Республикасы күнімен шын жүректен құттықтаймын!  

Осы күнге жетуіміз үшін ер халқымыз «күндіз отырмады, түнде ұйықтамады». «Қара қазан, сары бала қамы үшін қылыш сермеді». Рухы биік халық қиынға қайыспайды, ауырға мойымайды. Ұлы даланы аман-есен сақтап қалған да - осы асқақ рух.

Бұл мереке тарихи мәні те-рең, идеологиялық жүгі жоғары айтулы күн еліміздің бүгінгі мен ертеңіне адал қызмет ететін, ерен істер мен елеулі бастамаларды жалғастыратын барша азаматтың отаншыл рухын оятып, сенім мен жауапкершілік сезімін қалыптастырады.

Еліміздің кемелдену жолында бірлікті ту етіп, адал еңбектің құндылығын биік қоятын Балқаш жұртшылығы  мерекенің ұлағатын кейінгі ұрпаққа насихаттау тізгінін жалғастырады деп сенемін.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Глава государства привел участникам саммита вдохновляющие примеры восстановления природы там, где ущ
  • Мемлекет басшысы орны толмастай көрінген апаттан кейін табиғатты қайта түлетуге қатысты жарқын мысал
  • Касым-Жомарт Токаев: «Спасение Каспия – это не просто наша ответственность, но и дело чести государс
  • Қасым-Жомарт Тоқаев: «Каспийді сақтап қалу – замандас мемлекет қайраткерлері үшін жауапкершілік қана
  • Президент Касым-Жомарт Токаев выступил на Каспийском экологическом саммите