
Заң мен тәртіп – бейбіт әрі қауіпсіз қоғамның басты қағидалары. Заңды құрметтеу, қоғамдық тәртіпті сақтау және өзгенің құқығына нұқсан келтірмеу – әрбір азаматтың міндеті.
Әр адам заң талаптарын орындап, өз ісіне жауапкершілікпен қарауы керек. Құқық бұзушылықтың алдын алу, адалдық пен әділдікті сақтау – қоғамның тұрақтылығы мен елдің дамуына ықпал етеді.
Заңға құрмет – елге құрмет. Заңды сақтап, тәртіпті ұстану арқылы біз қауіпсіз әрі жарқын болашаққа бірге қадам басамыз!


