ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗ ТҰҒЫРЛЫ БОЛСЫН!


56f89a87-a4c9-4ce5-8809-3c91464c1507.jpg

Жайдары ӘЛІМБАЕВА, Балқаш аудандық мәслихаттың депутаты.

25 қазан Республика күні – тәуелсіздігіміздің жаршысы, оған жол ашқан тарихи оқиғаны айғақтаушы күн. Сондықтан да біз үшін бұл мереке егемен ел болып ірге қалауымыздың белгісіне айналған тарихи күнді, ұлттық рухымыздың қайта түлеген сәтін еске салатын ерекше сипатқа ие.

Елдің даму көшінде аралдықтардың да өзіндік орны бар. Аудан тұрғындарының ерен еңбектерінің нәтижесінде өңіріміздің экономикасы да дамып келеді. Әр салада жаңашыл бастамалар мен игілікті істер жүйелі жалғасын табуда.

 Сіздерді Ұлттық мерекемізбен құттықтай отырып, мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, халқымызға береке-бірлік, елімізге тыныштық тілеймін.

Еліміздің кемелдену жолында бірлікті ту етіп, адал еңбектің құндылығын биік қоятын Балқаш жұртшылығы  мерекенің ұлағатын кейінгі ұрпаққа насихаттау тізгінін жалғастырады деп сенемін.

Тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз мәңгі болсын!

  


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Глава государства привел участникам саммита вдохновляющие примеры восстановления природы там, где ущ
  • Мемлекет басшысы орны толмастай көрінген апаттан кейін табиғатты қайта түлетуге қатысты жарқын мысал
  • Касым-Жомарт Токаев: «Спасение Каспия – это не просто наша ответственность, но и дело чести государс
  • Қасым-Жомарт Тоқаев: «Каспийді сақтап қалу – замандас мемлекет қайраткерлері үшін жауапкершілік қана
  • Президент Касым-Жомарт Токаев выступил на Каспийском экологическом саммите