ӨНЕРДІҢ АЛТЫН ҰЯСЫНА - 50 ЖЫЛ!

900bb385-930a-400c-9c40-d0fdcb923219.jpg

    Бүгін Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының мерейлі мерейтойын атап өттік.

Шараға ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының арнайы құттықтауын жеткізу үшін Президент кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы арнайы келді.

e731d862-6656-4093-b441-13bdde121118.jpge731d862-6656-4093-b441-13bdde121118.jpg

Сондай-ақ, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Жанарбек Садыханұлы,  Мәдениет және ақпарат вице-министрі Жүдебаев Арман Әділханұлы жылы лебіздерін жеткізді.

Сонымен қатар, Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Ерғалиұлы филармония әртістерін өңір басшысының атынан құттықтады.

ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының Бас хатшысының орынбасары Санжар бей ұжым өнерпаздарына шығармашылық табыс тілеп, ұлттық өнерімізбен сусындап  қайтты.

0dff70e9-53f6-4b04-8a99-098206588f14.jpg

Шара барысында ұжымның  бірқатар азаматтарына медаль табысталып, бірқатары алғыс хатпен марапатталды.

Әйгілі ақын, айтыс өнері майталманының есімін арқалап жүрген ұжымды 50 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!

Қазақ халқының төл мәдениетін, ел аумағы мен қоса өзге мемлекеттерде де насихаттап жүрген филармония абыройы асқақтай берсін!


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • 312 новых объектов культуры: как изменилась культурная сфера Казахстана за семь лет
  • 312 жаңа мәдениет нысаны: Қазақстанның мәдениет саласындағы жеті жылдағы өзгерістер
  • «ҚАУІПСІЗ ҮЙ» ЖАІШ
  • ​*Алматы облысы Дін істері басқармасы*
  • *Международные оценки: устойчивый рост и инвестиционный кредитный рейтинг*