Дублер күні — мектеп қабырғасындағы ерекше әрі есте қаларлық күндердің бірі!

IMG_9190.jpeg

Бүгінгі күні 11-сынып түлектері бір сәтке оқушы емес, ұстаз рөлін атқарып, мұғалім болудың қаншалықты жауапты әрі маңызды екенін сезінді. Ұстаздық — тек сабақ түсіндіру емес, әр оқушыға бағыт-бағдар беріп, білім мен тәрбие сыйлау. Осы күн арқылы біз өз ұстаздарымыздың еңбегін бұрынғыдан да жақсы түсініп, олардың жұмысына деген құрметімізді арттырдық.

Бұл күн бізге жаңа тәжірибе, ерекше эмоция және ұмытылмас естеліктер сыйлады. Мектептегі соңғы жылымыздың осындай сәттері жүрегімізде мәңгі сақталатыны сөзсіз.

11-сынып түлектері — бүгін дублер, ал ертең өз арманына қадам басатын үлкен өмірдің жаңа кейіпкерлері!


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • *Международные оценки: устойчивый рост и инвестиционный кредитный рейтинг*
  • *Халықаралық институттар Қазақстан экономикасының тұрақты өсімін болжап отыр — World Financial Revie
  • *Қазақстан Еуразияның транзиттік хабына айналуда*
  • *Шетелдік сарапшылар Қазақстанның цифрлық серпілісіне баға берді*
  • От атома к лекарству: как в Алматы производят медицинские радиоизотопы