Ұстаздар күні!

IMG_9163.jpeg

IMG_9164.jpeg

Кеше ұстаздар күніне орай аудандық мәдениет үйінде білім саласының үздіктерін ұлықтаған салтанатты шара өтті.

Мерекелік жиынға ауданның білім беру саласының ардагерлері, ұстаздар қауымы және білім саласының қызметкерлері қатысты. Шара барысында ұстаз еңбегінің маңыздылығы мен жас ұрпақ тәрбиесіндегі айрықша рөлі атап өтілді.

Салтанатты жиында аудан әкімі білім саласында еселі еңбек етіп жүрген бірқатар ұстаздарды Алғыс хаттармен және Құрмет грамоталарымен марапаттап, кәсіби қызметтеріне табыс пен шығармашылық шабыт тіледі.

«Ұстаз» деген ұлы есім әрдайым құрметке лайық. Себебі елдің ертеңі – білімді ұрпақтың, ал білімді ұрпақтың қалыптасуы – білікті де жүрегі мейірімге толы ұстаздардың еңбегіне байланысты.

Мерекелік шара барысында ұстаздарға көтеріңкі көңіл күй сыйлаған концерттік бағдарлама ұсынылды. Өнерпаздар әсем ән мен күмбірлеген күйден шашу шашып, көрерменге ерекше мерекелік көңіл күй сыйлады.

Сонымен қатар, шара аясында шығармашылық көрме ұйымдастырылып, көрермен назарына түрлі туындылар ұсынылды.

Ұстаздар күніне арналған салтанатты кеш еңбегі еленген ұстаздарға деген ыстық ықылас пен зор құрметтің жарқын көрінісіне айналды. Ұлағатты ұстаздарға көрсетілген мұндай құрмет – олардың ел болашағы жолындағы еңбегіне берілген лайықты баға.



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • *Международные оценки: устойчивый рост и инвестиционный кредитный рейтинг*
  • *Халықаралық институттар Қазақстан экономикасының тұрақты өсімін болжап отыр — World Financial Revie
  • *Қазақстан Еуразияның транзиттік хабына айналуда*
  • *Шетелдік сарапшылар Қазақстанның цифрлық серпілісіне баға берді*
  • От атома к лекарству: как в Алматы производят медицинские радиоизотопы