Алматы облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған қойылымның премьерасы өтті

cb65a177-a559-4bcd-9310-7eef9e01f5cc.jpg

Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен 2023 жылдың 6 желтоқсанында Іле аудандық мәдениет үйінде «Қол» атты қойылымның премьерасы өтті. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған қойылымды мемлекеттік қызметкерлер, облыс тұрғындары мен жастар тамашалады.

61d8a197-d933-4dcd-a6e1-345eab50ce47.jpg

Туындыда қоғамның дерті – жемқорлық жайы оң қол мен сол қол арасындағы диалог арқылы боямасыз бейнеленді. 

Алматы облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Айдос Мамыт жемқорлық көріністерін жат құбылыс ретінде сезіну және қабылдамау — әрбір қазақстандықтың азаматтық ұстанымына айналуы керектігін атап өтті.

«Қойылымның атқарар жүгі қоғамымыз үшін өте өзекті. Көрініс мемлекеттік қызметкерлерге ғана емес, кез келген адамға үлкен ой салады», - деп пікірін білдірді Айдос Мамыт.

Cондай-ақ іс-шара барасында облыстық «Адалдық алаңы» атты жемқорлық тақырыбындағы суреттер байқауының жеңімпаздары марапатталды.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «ҚАУІПСІЗ ҮЙ» ЖАІШ
  • ​*Алматы облысы Дін істері басқармасы*
  • *Международные оценки: устойчивый рост и инвестиционный кредитный рейтинг*
  • *Халықаралық институттар Қазақстан экономикасының тұрақты өсімін болжап отыр — World Financial Revie
  • *Қазақстан Еуразияның транзиттік хабына айналуда*