АУДАН ПРОКУРОРЫН ТАНЫСТЫРДЫ


209dd040-ba57-43d0-bc10-df7a96370c7d.jpg

Алматы облысы прокурорының орынбасары Саян Бәкіров осы аптада ауданға арнайы келіп,  аудан әкімдігінің мәжіліс залында жиын өткізді.

Келелі жиынды жүргізген аудан әкімі Азат Құтпанбетов алдымен  қонақтарды таныстырып, жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы, аудандық Қоғамдық кеңес мүшелері, ау-дандық мәслихат төрағасы, облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, аудандық мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдерінің қатысып отырғанын айта келе, облыс прокурорының орынбасары Саян Сәбитұлына сөз берді.

Сөз кезегін алған Саян Бәкіров күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша ауданға жаңадан тағайындалған прокурор Дархан Досмұханбетовты таныстырып,   осы уақытқа дейін атқарған қызметтеріне қысқаша тоқталып, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

Келесі кезекте осы уақытқа дейін Балқаш ауданының прокуроры болып қызмет атқарып келген Айдын Разбекұлы сөз алып, аудан жұртшылығына өзінің ризашылығын білдіріп, Дархан Балтабекұлының  жұмысына толағай табыстар тіледі.

Мұнан соң аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Сқабаев пен облыстық мәслихат депутаты Бақыт Атайбеков сөз кезегін алып, өздерінің жүрекжарды тілектерін арнады.

Жиынды қорытындылаған аудан басшысы Азат Үкітайұлы бақ дарыған қасиетті өңіріміздің байырғы ауызбірлігі ажырамай, қазақы салт-дәстүріміздің қаз-қалпында сақталып тұрғанын тілге тиек етіп, жиынға қатысушыларды ауданның әлеуметтік-экономикалық даму жолында бірлесіп жұмыс жасауға шақырды.

    Өз тілшімізден.

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • *Emirates SkyCargo Алматы мен Дубай арасында жүк рейстерін іске қосты*
  • *Emirates SkyCargo запустил еженедельные грузовые рейсы между Алматы и Дубаем*
  • ІЛЕ АУДАНЫНДА «ЕРКІН ЖОЛ ЖҮРУ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
  • 2. АРНАЙЫ ТЕХНИКАҒА КЕДЕРГІСІЗ ЖОЛ – АДАМ ӨМІРІНІҢ КЕПІЛІ
  • «ЕРКІН ЖОЛ ЖҮРУ»: ІЛЕ АУДАНЫНДА ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРА ӨТТІ