
1 қазан -Қарттар күні
Қарттарға құрмет көрсетілді
1 қазан - Қарттар күні мерекесінде ортамызда жүрген қарияларға құрмет көрсету мақсатында аудан көлемінде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Биыл да бұл дәстүрлі мереке бұл өз жалғасын тапты.
Аудандық Мәдениет үйінде
ұйымдастырылған мәдени шарада аудан әкімі Азат Құтпанбетов аудан қарияларын құттықтап, өңіріміздің дамуына сүбелі үлестерін қосқан бірқатар қариялардың есімдерін атап, олардың еңбек жолдарына баса тоқталып өтті.
Келесі кезекте сөз алған аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Сқабаев аудан қарияларына өзінің жүрекжарды тілегін білдірді.
Мерекеге арналған концерттік бағдарлама аясында аудандық Мәдениет үйінің жанынан құрылған «Баканас" халық театрының және аудан өнерпаздары сахналық қойылым аясында қариялардың ұрпақ алдында атқарар ауқымды әрі жауапкершіліктері жайында кеңінен қамтып өтті.
Мұндай ауқымды іс-шаралар аудан көлеміндегі барлық ауылдық округтерде жоғары денгейде аталып өтіп, қазыналы қарияларға құрмет-қошемет көрсетілді.
Биік белестерді бағындырған қариялардың жүріп өткен өмір жолдары кейінгі ұрпаққа бағыт-бағдар берері сөзсіз. Сондықтанда ортамызда жүрген қазыналы қарттарымызга құрмет көрсетіп, олардың абыройын асқақтатып жүрейік,ағайын!
Өз тілшімізден.


