
Карттар күніне орай Жиделі ауылының әлеуметтік қызметкері Жумашова Бақыт «Балқаш өңірі» газетіне арнайы мақала жариялады.
Мақалада қарт жандарға көрсетілетін әлеуметтік қызметтер, олардың қоғамдағы орны, өмірлік тәжірибесі мен өнегесі, сондай-ақ үлкенге құрмет көрсету, қамқорлық таныту туралы сөз қозғалды.
Қарттарымыздың ақыл-кеңесі мен өнегесі – кейінгі ұрпаққа үлгі. Оларға құрмет көрсету, көңіл бөліп, қолдау көрсету – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Қарттарымыз аман, ғұмырлары ұзақ болсын! ????
Жас ұрпаққа берер ақ баталары мен өнегелері ортаймасын!


